00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматы ауданында 35 аула абаттандырылады

Алматы ауданында 35 аула абаттандырылады
Фото: Алматы ауданы

Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Алматы ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде аудан әкімі Мақсат Саматұлы баяндады,  деп хабарлады Elorda.info.

Биыл 35 ауланы кешенді абаттандыру жоспарлануда. Осы жылы бөлінген қаражат аясында 6 қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда: Тәуелсіздік даңғылы (Ақбұлақ өзенінен Б.Момышұлы даңғылына дейін); Т.Жүргенов көшесі (Айнакөл көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін); Ақбұлақ өзенінің жағалауы (Абылай ханнан Амманға дейін); Абылай хан даңғылы (Күйші Дина көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейін); Қ.Сәтбаев ескерткішінің аумағы; «Bravo family» тұрғын үй кешені, - деді аудан әкімі.

Алматы ауданы аумағында 500-ден астам аула бар. 3 жыл ішінде 207 аула абаттандырылды.

Қоғамдық кеңістіктерге келетін болсақ, 3 жыл ішінде біз 34 қоғамдық кеңістікті абаттандырдық. Мұнда ауқымды жұмыстар жүргізілген Қ.Сәтбаев көшесінде құрылған жаяу жүргіншілер кеңістігін, Ақбұлақ өзенінің жағалауын, Әзірбаев, Қордай, Храпатый көшелеріндегі гүлзарларды бөліп көрсеткім келеді, - деді аудан әкімі.