00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алаяқтықпен күресудің жолы – істі көпшілікке жария ету – маман

24 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алаяқтықпен күресудің жолы – істі көпшілікке жария ету – маман
Оңалхан Оңерхан

Қаржылық пирамида – қаржылық инвестиция саласындағы өте қауіпті әрі кең тараған қылмыс түрі. Олардың таралуы әлеуметтік-қоғамдық қауіптің артуына алып келеді. Әдетте әр пирамида төрт өмірлік кезеңнен өтеді. Бұл – бастау, өсу, дағдарыс және күйреу. Мамандардың айтуынша, азаматтар қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруы қажет. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты

Ресми өкілдің айтуынша, адамдар жылдам көп ақша табуға үміттеніп, алаяқтардың тұзағына түседі. Қаржы пирамидасының бір тәсілі – тез және оңай ақша туралы уәде беруі. Кейде «жалған қаржы» ұйымдары жылдық пайданы 300 пайызға дейін ұсынады. Ал ақша – кредит саясаты Комитеті белгілеген сыйақылардың шекті мөлшерлемесі жылдық 16 пайызды құрайды. 

Қаржы пирамидасының желілік маркетингтен айрықша белгісі бұл жаңа салымшылар мен олардың ақшаларын тарту қажеттілігі, соның есебінен бұрынғылар белгілі бір мөлшерде қаржы (дивидендтер) алады.

Желілік маркетингте кез-келген өнімді сатып алу үшін компанияның салымшысы болудың қажеті жоқ. Оны кез-келген менеджерден сатып алсаңыз жеткілікті. Пирамидаларды ұйымдастырушылар кез-келген өнімді (зергерлік бұйымдар, косметика, дене күтімі өнімдері) сатумен немесе білім беру курстарын ұсыну секілді жалған сөзбен халықты алдайды. Әдетте, мұндай  әңгімелер адамдарға жаңа салымшылар мен олардың ақшаларын қалай тарту керектігін үйрету үшін ғана жүргізіледі, - деді спикер.

Екіншіден, қаржы пирамидалары «Микроқаржы ұйымдары мен ломбардтардың атымен жұмыс істейтін жобалар арқылы әрекет етеді. Көбінесе ұйымдар қарыз түрінде ақша беру арқылы халықты тартады. Мұндай жобалар қарыз алуға және беруге ниет білдірген тұлғаларға қызмет көрсететін виртуалды биржалар түрінде болуы мүмкін. Пайда табу тек жаңа салымшылардың жарналары арқылы жүзеге асырылады. 

Мұндай клубтар круиздерді, жолдамаларды, саяхаттарды, бизнес құру және ілгерілету, маркетинг, инвестиция негіздері, копирайтинг, пальмология, астрономия, психикалық тепе-теңдікті жақсарту, психология, нумерология, рәміздер, сиқыр және т.б. бойынша оқытуды ұсынады. Әр қатысушы бағдарламаларға байланысты белгілі бір мерзім ішінде жаңа тұлғаларды тартуы және (немесе) кіру жарнасын енгізуі қажет, - деді ресми өкіл.

Осындай жағдайда азаматтар қаржы пирамидасының тұзағынан қалай сақтану керек?  

Біріншіден, үлкен пайдаға қызығудың  қажеті жоқ. Ол жаңа қатысушыларды тарту арқылы қалыптасатынын ұмытпаңыз. Егер пирамида құлаған кезде белгілі бір мөлшерде төленетін қаржы (дивидендтер) тоқтатылатынын ескеру қажет. Екіншіден, мұндай жобаларға кірген кезде компанияның қаржы  тартуға лицензияның бар-жоғын тексеру қажет. Үшіншіщен, қаржы пирамидасы қатарына қосылу көбінесе азаматтардың өз еркімен және құқықтық сүйемелдеусіз жүргізіледі. Cоның нәтижеcінде ешкім caлынғaн қaражаттың  кері қaйтaрылуынa кепілдеме бермейді, - деді ол.

Мамандар келісімшартқа қол қоюға асықпауға кеңес береді. 

Егер сіз қаржы пирамидасына кірсеңіз және өз қаражатыңызды алғыңыз келсе, онда дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Пирамида құрбандарының арасында аз мөлшерде ақша жоғалтқан адамдар өте көп болады. Олардың көбісі ақшасын жоғалтса да, әрекет етпейді. Нәтижесінде алаяқтар адамдарды алдауды жалғастыра береді. Алаяқтықпен күресудің маңызды кезеңі – істі көпшілікке жария ету, - деді Әлібек Әбділов.

Елімізде қаржы пирамидасын құрғаны және жетекшілік еткені үшін Қылмыстық кодекстің 217-бабында қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 217-1 бабына сай  қаржы  пирамидасының қызметін жарнамалағаны  үшін де жауапқа тартылады. 

Олар сізге хабарласып, аты-жөнін айтып, өздері банктің болмаса құқық қорғау органының қызметкерлері ретінде таныстырады. Кейін сіздің атыңызға несие рәсімделгенін болмаса қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Кенеттен хабарласып, олар сізге түрлі сұрақ қойып, айла-тәсілдер қолданып, банктік деректеріңізді алады. Бірнеше секунд ішінде сіз өз атыңызға несие рәсімдегеніңізді  болмаса басқа біреуге өз қаражатыңызды жібергеніңізді байқамай қаласыз.  Мұндай алаяқтық амалдарға тап болмаңыз. Олардан сақ болыңыз, - деп сөзін түйіндеді Әлібек Әбділов.