00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды

27 мамыр, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды
Коллаж: Elordainfo.kz

Ақтөбе облысында табиғат қорғау прокуратурасы заңсыз жұмыс істеген ветеринариялық зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлады Elorda.info.

Тексеру барысында ветеринариялық-санитариялық ережелер талаптары сақталмағаны, үй-жайларды желдету, сумен жабдықтау, жылу жүйелері, сараптама жүргізуге арналған жеке үй-жайлардың болмағаны анықталды. Сонымен қатар сойылған малдарды қарап-тексеру және ветеринариялық сараптаманы есепке алу журналдары болмаған.

Кейбір зертханаларда етті тексеруге арналған құрал-жабдықтар мен химиялық реагенттер болмаған.

«Бұған қоса Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 1 зертхананың қызметі тоқтатылды, 4 зертхана 370 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.