Астанада «Джакомо Пуччиниге арнау» гала-операсы сахналанды
«Астана Опера» театрында ұлы итальялық композиторға арналған «Джакомо Пуччиниге арнау» гала-операсы сахналанды. Бұл туралы Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Концертті әйгілі дирижер, итальялық Джузеппе Аквавива басқарды.
Аталмыш іс-шара композитордың дүниеден өткеніне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Жетекші солистер Пуччинидің сирек орындалатын шығармаларын шырқады.
«Қатысушылар арасында әлемге әйгілі опералық әншілер — Мария Мудряк, Марина Медичи және Раффаэле Абете, сондай-ақ Қазақстан сахнасының жұлдыздары, хор әртістері мен театрдың симфониялық оркестрінің музыканттары болды. Бағдарламада Пуччинидің сирек орындалатын шығармаларынан ариялар, дуэттер шырқалды. Бұл әстістер мен көрерменге оның музыкалық мұрасын жаңа қырынан ашуға мүмкіндік берді», - деп көрсетті Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Музыкалық бағдарламадан бөлек, театр фойесінде «Жүз жылдық мұра, шеберлік және итальялық құмарлық» атты бірегей көрме ұйымдастырылды.