Елордада I «Өркен» қалалық байқауы өтті
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №111 орта мектебінде қалалық білім беру мекемелерінің 8 -10 сынып оқушылары арасында І «Өркен» қалалық байқауын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Журналист, сахна жүргізушісі болуға ынталы жасөспірімдерді қолдап, шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатын көздейтін байқауға іріктеу кезеңнен (онлайн) өткен 16 мектептің жас таланттары қатысты. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауға жоғарғы оқу орындарының ұстаздары, театр, өнер саласының мамандары және бұқаралық ақпарат өкілдері қазылық етіп, жас дарындардың өнеріне өз бағаларын берді.
Қатысушылар «Сөйле, тілім» , «Көркем сөз – көңіл тілі», «Алшы» номинациялары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдеге №87 мектеп -гимназиясының 10-сынып оқушысы Ермекова Шұғыла ие болды.
I орынды Қ.Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Орынтай Абдурахим иеленді.
II орынды №93 мектеп -лицейінің 9-сынып оқушысы Аханова Әсел, А.Байтұрсынов атындағы Binom School мектеп -лицейінің 8-сынып оқушысы Лекер Мөлдір иеленді.
III орынды №56 мектеп -лицейінің 10-сынып оқушысы Жұлдыз Жамалбек, №73 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрай Мұратқызы және №95 мектеп -лицейінің 9-сынып оқушысы Аяулым Абсаттарова бөлісті.
Бірқатар оқушылар арнайы грамоталармен марапатталды.
Сонымен қатар байқау кезінде жанкүйерлер мен қонақтар онлайн дауыс беру арқылы өз көңілдерінен шыққан қатысушыға дауыс беріп, нәтижесінде «Көрермен көзайымы» номинациясына Қ.Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Орынтай Абдурахим ие болды.