Ақтөбе облысында тағы 80 адам эвакуацияланды
12 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы каналынан
Ақтөбе облысында ТЖД құтқарушылары эвакуациялық жұмыстарды аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.
Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен құтқарушылар Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына 80 адамды, оның ішінде 53 баланы эвакуациялады.
Эвакуацияланған тұрғындар Ырғыз ауданындағы орта мектепке жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының аумағында Мамыр елді мекенін су басу қаупі туындады.
Ұқсас жаңалықтар