Air Astana ұшақ бортында пауэрбанктерді қолдануға қатысты мәлімдеме жасады


Air Astana литий батареяларын тасымалдау талаптарын күшейтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz әуе компаниясына сілтеме жасап.
«2025 жылғы 13 наурыздан бастап Air Astana компаниялар тобы ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында литий батареялары мен оларды қамтитын құрылғыларды тасымалдауға қойылатын бақылау шараларын күшейтеді», - делінген хабарламада.
Әуе компаниясының мәліметінше, қолданыстағы саясат пен ережелерге сәйкес, қосалқы батареялар, соның ішінде сыртқы аккумуляторлар (пауэрбанктер) мен электронды шылым құрылғылары тек қол жүгінде тасымалдануы тиіс. Егер қол жүгін жүк бөліміне тапсыру қажет болса, жолаушы оның ішінен барлық қосалқы батареяны алдын ала алып тастауы керек.
«Ережелерге сәйкес, батарея сыйымдылығы 100 Вт/с аспауы тиіс. Сыйымдылығы 100-ден 160 Вт/с дейінгі батареяларды тасымалдауға тек әуе компаниясының алдын ала рұқсатымен ғана тасымалдауға алынады және олардың саны бір жолаушыға екі данадан аспауы керек. Сыйымдылығы 160 Вт/с асатын батареяларды тасымалдауға тыйым салынады. Барлық батареяның сыйымдылығы тексеріледі, ал сыйымдылығы көрсетілмеген немесе тиісті сертификаты жоқ батареялар тасымалдауға алынбайды.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында литий батареялары, сыртқы аккумуляторлар мен электронды шылым құрылғылары тек қол жүгінде тасымалданып, ұшақ салонындағы жүк сөрелеріне орналастырылуы тиіс. Ұшу кезінде батареяларды өзге құрылғыларды қуаттау үшін пайдалану, сондай-ақ оларды қуаттауға тыйым салынады», - деп ескертті компания өкілдері.