Ақылы жолдың төлемін жасамағандар айыппұл төлейді
Ақылы автомобиль учаскесімен жол жүру ақысын төлемегені үшін айыппұл 8 күні салынады. Бұл туралы Elorda.info Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жол жүру ақысын күнтізбелік 7 күннің ішінде төлеу қажет екенін ескертті.
Осы ретте төлем жасаудың 20-дан астам әдісі қарастырылған. Атап айтқанда, QAJ mobile мобильді қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы және т.б.
8 күні «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 628-бабына сәйкес жол ақысын төлемеген жағдайда әкімшілік айыппұл есептеледі. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері - 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін - 10 АЕК құрайды. Биыл 1 АЕК көлемі 3 450 теңгеге тең. Әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы автомобиль жолымен жол жүру ақысын уақтылы төлеуі қажет, - деп көрсетті министрлік.