928 миллион жолаушы: елімізде такси мен автобус тасымалына сұраныс артты

Бүгін, 13:50
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
928 миллион жолаушы: елімізде такси мен автобус тасымалына сұраныс артты
Фото: Оңалхан Өнерхан

2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда көліктің барлық түрімен 928 миллион жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артық, деп хабарлады Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Автомобиль және қалаішілік тасымал түрлері кезекті рет тұрақты түрде ең көп сұранысқа ие. 2025 жылы автобустар, таксилер, маршруткалар мен троллейбустар арқылы 911,1 миллион жолаушы тасымалданған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға көп.

Әуе көлігімен 7,2 миллион жолаушы ұшқан — бұл 6,1% өсімді құрайды.

Теміржол көлігімен 9,5 миллион жолаушы қатынаған.

Жүк тасымалдау көлемі де шамамен 11%-ға өсті. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 550,8 миллион тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10,9%-ға артық.

Негізінен астық, көмір, түсті және қара металлдар, құрылыс материалдары, мұнай өнімдері және басқа да жүктің түрлері тасымалданды.