00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

5 облыста жол қозғалысына шектеу қойылды

15 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
5 облыста жол қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Бақтыгүл Бурбаева

15 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай және СҚО-да республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, СҚО, Қостанай облыстарында 9 учаскеде жалпы ұзындығы 5280 метр болатын су тасқыны орын алды.

5 облыста, атап айтқанда Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО-да республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 523 адам жұмылдырылған.