00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

350 мың доллар: Елордада лауазымды тұлғаларға пара бермек болған азамат сотталды

29 мамыр, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
350 мың доллар: Елордада лауазымды тұлғаларға пара бермек болған азамат сотталды
Фото: freepik.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына пара бермек болған азаматқа қатысты үкім шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры Жүсіпов М. 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ол мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына аса ірі мөлшерде дәнді - дақылдарды жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін 350 мың АҚШ доллары көлемінде пара бермек болған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.