00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алғысты күнделікті ізігілікті істеріміз арқылы жеткізіп отыруымыз қажет – Тазабике Салиева

31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Алғысты күнделікті ізігілікті істеріміз арқылы жеткізіп отыруымыз қажет – Тазабике Салиева
ашық дереккөз

Бүгін барша Қазақстан халқы көктем мезгілімен бірге келетін Алғыс айту мерекесін тойлап жатыр. Мұнда еліміздегі барлық этнос өкілі бір-біріне және қазақ халқына алғыс айтады. Өйткені кезінде осында жер ауып келген өзге ұлт өкілдерін ата-бабаларымыз құшақ жая қарсы алған еді. Қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір-бірімен ауызбіршілікте және татулықта өмір сүріп жатыр. Осы орайда Астана қаласындағы Қарақалпақ этномәдени орталығының жетекшісін аз-кем сөзге тарттық, деп хабарлады Elorda.info.

2016 жылдан бастап Қазақстан халқы Алғыс айту күнін жыл сайын атап өтіп келеді. «Жайхун» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Тазабике Салиева бұл мерекені қажет деп есептейді. Сондай-ақ ол еліміздегі ауызбіршілік пен ынтымаққа тәнті екенін жеткізді.

Алғыс айту күнін тойлай отырып, әрбір күніміздегі алғысты күнделікті ізігілікті істеріміз арқылы жеткізіп отыруымыз қажет деп ойлаймын. Бұл мереке – сыйластықтың белгісі. Осы күні ата-анамызға, достарымызға және айналамыздағы жандарға алғыс айтамыз. Бұл мерекені Ассамблея да атап өтеді. Сондай-ақ «Жайхун» этномәдени бірлестігінің өкілдері яғни біз бір-бірімізге алғыс айтамыз, - деп сөзін түйіндеді бірлестік жетекшісі.