00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Пайдаланылмай жатқан 5,7 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды – АШМ

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Пайдаланылмай жатқан 5,7 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды – АШМ
ашық дереккөз

Елімізде жайылымдық жерлердің жетіспеуі 8 млн га құрап отыр. Осыған байланысты былтырдан бері жерлерді тиімді игеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Президенттің тапсырмасы бойынша Жер ресурстарын басқару комитеті тапшы жайылым жерлер бойынша пайдаланылмай жатқан, игерілмеген жерлерді мемлекет тарапына қайтарып, оны ары қарай қолданысқа берумен айналысады. 

Комитет жанынан жұмыс тобы құрылды. Бас прокуратура, жергілікті өңірлік әкімшіліктердің өкілдері бірлесіп жүргізген жұмыстардың нәтижесінде былтыр 5,2 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл ақпараттық жүйенің көмегімен мүмкін болды. Жерлерге толықтай ғарыштық мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, мемлекетке қайтарылуы тиіс 8 млн га жуық жер анықталды. Олардың арасында игерілмей, мүлдем пайдаланылмай жатқан жерлер де болды, - деді вице-министр.