00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Марк Цукерберг Instagram-да жаңа функция пайда болғанын айтты (ВИДЕО)

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Марк Цукерберг Instagram-да жаңа функция пайда болғанын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Америкалық медиамагнат, интернет-кәсіпкер және филантроп Марк Цукерберг Instagram-да жаңа функция пайда болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, танымал әлеуметтік желіде фото және видео бөлісетін арналар құруға болады, деп хабарлады Elorda.info.

Zakon.kz-тің жазуынша, бұл жаңалықты Facebook, WhatsApp, Instagram желілеріне иелік ететін Meta компаниясының бас директоры әлеуметтік желі арқылы мәлім етті.

Марк Цукерберг желі қолданушыларын Meta Channel-ға қосылуға шақырды, онда ол компания өнімдері туралы жаңалықтар хабарлап тұратынын айтты.

Біз Instagram арналарын – тарату ауқымы кең чаттар енгізіп жатырмыз. Мен бұл арнаны Meta-да жасайтын барлық өнім мен технологиялар туралы жаңалықтарды бөлісу үшін іске қосып отырмын. Мұнда мен Meta өнімдері туралы жаңалықтарды бірінші болып жариялап отырамын, – деді Марк Цукерберг.

Оның айтуынша, арналар мәтіндік хабарламаларды, суреттерді, сауалнамаларды, реакцияларды қолдайды және жақын арада арна әкімшілерінің қонақтармен қатар байланысқа шығу функциясы іске қосылады.

Алдағы айларда біз Messenger мен Facebook-ке де арналар қосамыз, - дейді Марк Цукерберг.

Ол жаңа мүмкіндік өз арнасын ашқысы келетін адамдар арасында жоғары сұраныста болатынын атап өтті.