Қазақстанда тұрғын үйге деген сұраныс жоғары – сарапшы
Қазақстан риэлторларының біріккен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко ҚазАқпарат тілшісіне тұрғын үй нарығындағы ахуал туралы пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Мәмілелер жеткілікті әрі тұрақты көлемде жасалып жатыр. Қазақстан бойынша ай сайынғы мәмілелердің жалпы саны 35 мың деңгейінде қалады деп болжауға болады. Айырмашылық 2-3 мыңның көлемінде, - дейді Нина Лукьяненко.
Сарапшы жылжымайтын мүлікке сұраныс айтарлықтай жоғары екенін айтады.
Біздің елде тұрғын үйге деген сұраныс жоғары болып қала береді - халықтың табиғи өсімі мен көші-қон қарқыны оң, - дейді ол.
Маман қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлік ұсыныстарын жоғары болғандықтан, оның бағасы көтерілмейді деп болжайды.
Ал бастапқы нарықта ұсыныс азаюы мүмкін.
Жаңа жобалар санының айтарлықтай төмендеуі, сондай-ақ құрылыс материалдарының қымбаттауы бастапқы нарықта тұрғын үй бағасын көтеруі мүмкін. Сату бөлімдерінде үлкен кезектер болмағандықтан, құрылыс компаниялары түрлі акцияларды ұсынып жатыр, - деп түсіндірді Нина Лукьяненко.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылғы қарашадағы жағдай бойынша қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 12 айда 26,9%, жаңа тұрғын үй бағасы 17,3% өскен. 2022 жылдың қарашасында көпқабатты тұрғын үй жалдау ақысы өткен жылмен салыстырғанда 48,6% артқан.