00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаңтар оқиғасынан кейінгі қазақ бұрынғы қазақ емес – Ғарифолла Есім

31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Қаңтар оқиғасынан кейінгі қазақ бұрынғы қазақ емес – Ғарифолла Есім
ашық дереккөз

Абайтанушы, жазушы, академик, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім Қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Қаңтар оқиғасынан кейінгі қазақ бұрынғы қазақ емес. Ол – анық. Кеше Мәжілісте Бас прокурор және тағы басқа лауазымды тұлғалар баяндап, ақпарат беріп жатыр. Біраз мәселелердің басы ашылды. Мұның бәрі құптарлық. Енді осы оқиғаға қатысты айтар өз ұсынысым бар. Қасіретті қаңтар оқиғасы бойынша шежіре жасалуы керек, - дейі академик.

Қоғам қайраткері Ғарифолла Есімнің айтуынша, бұл шежіреде әрбір қатысқан адамның аты-жөні, туған жері секілді жеке мағлұматтар жазылуы қажет.

Қаңтар оқиғасының ақиқатына жетпесек, бұл мәселе күн тәртібінен түспейді. Кешегі Бас прокурордың және тағы басқа жауапты тұлғалардың депутаттар алдында жауап бергені ұнады. Біз Қаңтар оқиғасына қатысқан әрбір адамның жазалану, түрмеге қамалу тіпті қайтыс болу себебін білуіміз қажет. Бұл іске құқық қорғау органдары қызметкерлері атсалысу керек деп ойлаймын, - деді академик.

Сабина Кәкімжан