00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Былтыр елдегі әуе тасымалы 15%-ға ұлғайған

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Былтыр елдегі әуе тасымалы 15%-ға ұлғайған
ашық дереккөз

Бүгінгі таңда әуе көлігіндегі жолаушылар тасымалы барлық болжамдардан озып, өткен жылмен қатар пандемияға дейінгі – 2019 жылмен де тұрақты өсім көрсетуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

2022 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ға артып, 9,9 миллион жолаушыны құрады (2021 ж. – 8,6 млн жолаушы; 2020 ж. – 5,0 млн жолаушы).

Болжам бойынша, 2022 жылғы тасымалданған жолаушылар саны шамамен 10,8 миллионға жетеді деп күтілуде. 2021 жылғы көрсеткіштен өсім (9,4 млн жолаушы) 15%-ды құрайды.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет жолаушылар тасымалы 10 миллион жолаушыдан асады.

2022 жылғы қаңтар-қараша айларында отандық әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша 7 млн ​​жолаушы (2021 жылы – 6,9 млн, 2020 жылы – 4,1 млн), халықаралық бағыттар бойынша – 2,9 млн жолаушы (2021 жылы – 1,7 млн, 2020 жылы – 0,9 млн) тасымалдады.

«Air Astana» әуе компаниясының жолаушылар ағыны шамамен 3,7 миллион адамды, «FlyArystan» – 3,0 миллионға жуық, «Qazaq air» – 0,5 миллион және «SCAT» – 2,7 миллион адамды құрады.