00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

1 қаңтардан бастап қар құрсауынан 600 адам шығарылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
1 қаңтардан бастап қар құрсауынан 600 адам шығарылды
ашық дереккөз

1 қаңтардар бастап қар құрсауынан 600-ден астам адам шығарылды, деп хабарлады Elorda.info Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Дәл қазіргі сәтте республикалық маңыздағы 2,5 мың шақырым күре жол жабық тұр. Бұл республикалық маңызы бар автожолдар желісінің 10% - ы, - деп жазылған хабарламада.

Республикалық маңыздағы жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары мен қар құрсауында қалғандарға көмек көрсету үшін 700 бірлік арнайы техника мен 1120 жолшы маман жұмылдырылды.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1403 қысқа нөмірі бойынша жұмыс істейтін ҚазАвтоЖолдың колл-орталығының операторлары республикалық трассаларды пайдаланушылардан келіп түскен 15 мыңнан астам қоңырауды өңдеді.

Жолшылар қысқы күтіп-ұстау және патрульдеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.