00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада ауа райының қолайсыздығынан ұшақтар кешігіп жатыр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада ауа райының қолайсыздығынан ұшақтар кешігіп жатыр
ашық дереккөз

Астанада ауа райының қолайсыздығынан ұшақтар кешігіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыс штаттық режимде жүріп тұр, дегенмен кейбір әуе рейстері кешігіп жатыр.

Қазір қонуы тиіс 10 рейс, ал ұшып кетуі тиіс 18 рейс кешігіп жатыр. Оған себеп ауа райының қолайсыздығы, - дейді елорда әуежайынан.

Сондай-ақ, әуежайдың ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Жолаушылардан абай болуды, сондай-ақ өзекті ақпаратты авиакомпаниялар мен әуежайдың анықтаа бөлімінен білуді сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.