00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бір тәулікте қар құрсауында қалған 230 көлік шығарылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бір тәулікте қар құрсауында қалған 230 көлік шығарылды
ашық дереккөз

Жол саласының мамандары бір тәулікте қар құрсауынан 480 адамды құтқарып, 233 көлікті шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, ҚазАвтоЖол қызметкерлері республикалық маңызы бар жолдарды пайдаланушыларды жылыту пункттеріне жеткізіп, жақын маңдағы кемпингтерге дейін машиналарды сүйреп апаруға көмектесті.

Атап айтқанда, көмек Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Алматы және Түркістан облыстарының республикалық маңызы бар күре жолдарында көрсетілді. Қар құрсауында қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларды шығарып алу үшін 400 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Жол мамандары ел аумағы бойынша республикалық маңызы бар автожолдарды патрульдеуді жалғастыруда.

Республикалық трассада штаттан тыс жағдай туындаса 1403 байланыс орталығына жүгіну қажет.

Еліміздің 8 өңірінде ауа-райы әлі де қолайсыз, республикалық трассалардың 50 учаскесі жабық.