00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық тұрғын құлыпталмаған көліктен телефон ұрлады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық тұрғын құлыпталмаған көліктен телефон ұрлады
ашық дереккөз

Астаналық тұрғын құлыпталмаған көліктен телефон ұрлады, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz мәліметінше, бұл ұрлық камераға түсіп қалған.

Азаматшадан полицейлерге түнгі уақытта 187 көшесінде белгісіз біреу оның Volkswagen Passat автокөлігінен телефонын ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен.Бейнежазбада ер адамның көлік тұрағынан өтіп бара жатып, көліктің ашық екенін біліп, телефонды ұрлап кеткені түсірілген.Ұрлыққа 35 жастағы Астана тұрғынының қатысы бар екені анықталды. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары арқылы ұрыны анықтады, - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның бұрын жасалған ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталды.