Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер 22-24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Таяу күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклонмен қар, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болжанады.
Атмосфералық жоғары қысым алқабымен тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Синоптикалық процестердің тез ауысуымен ауа температурасының күрт өзгеруі күтіледі.
Атап айтқанда, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 23 желтоқсанда түнде 20-35 градусқа дейін төмендейді, ал 24 желтоқсанда түнде 5-20 аязға дейін жоғарылайды.