Қоян жылы қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр
2023 жыл - қоян жылы. Қоян жылы 12 циклды қытай жұлдызнамасындағы 4-орынды алады және шығыс күнтізбесіндегі ең бақыттысы саналады, деп хабарлады Elorda.info.
Қоян жылы үй мәселесінде сәттілік әкеледі. Сондай-ақ, бұл жыл саяхаттауға қолайлы болмақ;
Ал келер жылдан бастап елімізде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы пилоттық режимде өтеді;
Алдағы жылы жастарға 2,5%-дық жеңілдетілген несие беру басталмақ. Жеңілдетілген несие мөлшері – 5 млн теңгеге дейін;
2023 жылы жаңадан келген қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысын 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр;
Мектептер, колледждер мен балабақша педагогтарының жалақысы 25%-ға өседі;
Келесі оқу жылынан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары да қазақ тілінен емтихан тапсырады;
Бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылады;
2023 жылдан бастап, «Алтын алқамен» марапатталғандарға немесе бұрын «Батыр ана» атағын алғандарға, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені табысталғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғаяды;
Зейнетақы төлемдерінің көлемі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10,5%-ға өседі. Бұл ретте ең төменгі зейнетақы мөлшері 53 076 теңгені құрайды;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 000 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңге, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 450 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрамақ.