00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Екібастұзда 58 тұрғын үй сусыз отыр – әкімдік

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Екібастұзда 58 тұрғын үй сусыз отыр – әкімдік
ашық дереккөз

Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук өңірлік коммуникациялар қызметінде Екібастұз қаласындағы ахуалды баяндады, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, әкімдік өкілі қазір қалада 17 көпқабатты тұрғын үйдің жылусыз отырғанын еске салып, сумен жабдықтау жүйесінде де түйткілдер бар екенін мәлім етті.

Су арнасы бойынша ресми деректер мынандай. 58 тұрғын үй қазір сусыз отыр. Бірақ ол үйлерге суды көлікпен жеткізу жұмысы ұйымдастырылған. Қатып қалған су құбырларын жібітіп жатыр, - деді ол.