00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл республикалық күре жолдарға 3,4 млн тонна асфальт төселді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл республикалық күре жолдарға 3,4 млн тонна асфальт төселді
ашық дереккөз

Қазір Қазақстанда жалпы ұзындығы 7 мың шақырымға жуық республикалық маңызды автожолдардың 200-ге жуық учаскесінде жол салынып жатыр. Оның ішінде 4 мың шақырымдай жерде жаңғырту жұмыстары, қалған 3 мың шақырымында жоспарлы жөндеу (орташа және күрделі) жұмыстары іске асырылып келеді, деп хабарлады Elorda.info ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жұмыс Қарағанды – Балқаш – Алматы, Мерке – Бурылбайтал, Талдықорған – Қалбатау – Өскемен, Қалбатау – Майқапшағай, Атырау – Астрахань,  Ақтөбе – Қандыағаш, Өнеге – Бисен – Сайхин және басқа да трассаларда қолға алынған.

Бір маусымда республикалық автожолдарға 3,5 млн тонна асфальт төселді. Мәселен, маусым айынан бастап Қарағанды – Балқаш тасжолының 128 шақырымдай жеріне жаңа жол жабыны салынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарымен 8 учаске қамтылды. Қазір 363 шақырымның 281 шақырым жерінде жол қозғалысы қамтамасыз етілген. Бұған дейін айналма жолдардың жалпы ұзындығы 148 шақырымды құраса, қазір 4 шақырым ғана, – делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар Қызылқой мен Нұраталды ауылдары арасындағы күрделі учаскеде екі жолақты жол қозғалысы ашылды.