Грузиядағы көліктің көбі Қазақстанға әкелінген
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Грузиядан Орталық Азия елдеріне көлік экспорттау 2 еседен асып кетті. Оның көбі Қазақстанға келеді, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.
Одан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан тұр. Былтырғымен салыстырғанда, қазақстандықтардың Грузиядан сатып алған көліктерінің саны артқан. Бұл кейінгі 10 жылда болмаған ең үлкен көрсеткіш. Жалпы биыл Грузия автомобиль экспортынан 590 миллион доллар табыс тапқан.
Бұрындары Орталық Азияға айына 200 көлік сатылатын. Қазір бұл көрсеткіш бір жарым мыңға жетті. Кері экспорт бойынша биылғы көрсеткіштер былтырмен салыстырғандай, айтарлықтай артқан, - деді автонарық маркетингі мен жарнамасының директоры Стелла Камандарова.
Ұқсас жаңалықтар