00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын болады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын болады
ашық дереккөз

Синоптиктер бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Республиканың батысы мен шығысында қар аралас жаңбыр, ал оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі, солтүстікте, шығыста көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде 5-7°C , күндіз 1-3 °C суық болады.

Алматы қаласы: бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4°C , күндіз 6-8°C жылы.

Шымкент: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-5°C , күндіз 14-16°C жылы.