Қайрат Құдайбергенов пен «Дикий Арман» рақымшылыққа іліге ме
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Кәсіпкер, Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенов пен кәсіпкер «Дикий Арман» қаңтар оқиғасына қатысушыларға жасалған рақымшылыққа ілінбейді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенат кулуарында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, қазір 20 азаматқа қатысты тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық іс қозғалған. Олардың барлығына рақымшылық жасамайды.
Ұйымдастырушыларға рақымшылық жасалмайды. Қаңтар оқиғаларына қатысушылар ғана амнистияға ілігеді. Қайрат Құдайбергенов пен «Дикий Арман» тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар қатарында, - деді қадағалау органының өкілі.
Еске сала кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Рақымшылық жасау туралы» Заң жобасы қабылданған болатын.
Ұқсас жаңалықтар