00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елдегі пойыздардың жоғарғы және төменгі орындар билеттеріне сараланған тәсіл енгізіледі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елдегі пойыздардың жоғарғы және төменгі орындар билеттеріне сараланған тәсіл енгізіледі
ашық дереккөз

Пилоттық режимде «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.

Сараланған тәсіл келесі жолаушылар пойыздарында қолданылады:

1. № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»;

2. № 51/52 «Алматы – Орал»;

3. № 105/106  «Алматы – Петропавл»;

4. № 71/72 «Астана – Шымкент»;

5. № 29/30 «Алматы – Атырау».