00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қай өңірлерде көлік жиі ұрланады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қай өңірлерде көлік жиі ұрланады
ашық дереккөз

Қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 251 автокөлік ұрлығы тіркелді, деп хабарлады Elorda.info.

Көліктер ұрлығы бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда 57 оқиға тіркелген. Мамандардың айтуынша, бұл былтырғыдан 46,2 пайызға көп.

Ал екінші орында Қостанай өңірі тұр. Өңірде 31 автокөлік ұрлығы болған. Көшбасшылар үштігіне Қарағанды аймағы кіреді.  Мұнда 28 автокөлікті ұрланған.  

Бір айта кетерлігі, көлік ұрлығы  Солтүстік Қазақстан облысында ең аз тіркеліпті.

Мамандар Атырау облысында көлік ұрлығы айтарлықтай артқан деп отыр. Ал Ақтөбе облысында ұрлық саны 3 есеге қысқарыпты.

Сондай-ақ елімізде көбінесе жапондық көлік маркаларына басымдық береді екен. Статистика бойынша, елде биыл 909 көлік ұрланған. Оның 775-і табылып, иелеріне қайтарылды.