00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Түркі мүфтилер кеңесінің ережесі бекітілді

31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Түркі мүфтилер кеңесінің ережесі бекітілді
ашық дереккөз

Әзербайжанның Шуша қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер кеңесінің ережесі бекітіліп, дін басшылары қол қою рәсімін өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, кеңес аясында бірлескен декларация қабылданды. Жиында сөз алған ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Шушадағы тарихи басқосудың маңызына тоқталды.

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің мұсылмандар басқармаларының басшылары осы қалада ережені бекітіп, қол қойылды. Енді Түркі мемлекеттері мүфтилері осы ереже аясында бірігіп жұмыс істейді. Бүгінгі Әзербайжан жеріндегі үшінші отырыста кеңестің ережесі толық бекітілді. Ереже аясында алдағы уақытта бірқатар ірі жобалар, діни теріс ағыммен күрес, тарихи құндылықтарды түгендеу, ғұламалар кеңесінің жиынын өткізу, бабалар жолын жаңғырту жұмыстары күтіп тұр. Сондықтан кеңес жұмысына табыс тілеймін, - деді Бас мүфти.

Айта кетейік, кеңес ережесінде негізінен түркі дүниесіне ортақ құндылықтарды дәріптеу, отбасы, салт-дәстүр, түркі елдерінен шыққан дін қайраткерлерін насихаттау, жат ағыммен күрес, бірлесе симпозиум мен конференциялар ұйымдастыру, діни әдебиеттер мен түркі тілдерінде тараған шығармаларды таныту, ғұламалар кеңесінің жұмысын өткізу сынды мәселелер қамтылды.