00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада миллион теңгеге жуық қаржы ұрлаған бойжеткен Қарағандыда ұсталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада миллион теңгеге жуық қаржы ұрлаған бойжеткен Қарағандыда ұсталды
ашық дереккөз

Елордалық полицейлер Астанада бірнеше мәрте ұрлық жасаған 25 жастағы қызды Қарағандыда ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz мәліметіне қарағанда, күдікті Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция бөліміне жеткізілген.

Тамыз айында елорда базарының аумағында болған кезде сатып алушының сөмкесінен 930 мың теңгесін ұрлап кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, ұрлықты жасамас бұрын жеке қажеттіліктері үшін несие алған. Ол айналасындағыларға күдік тудырмау үшін хиджаб киіп, әрекет еткен. Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында оның елдің басқа да аймақтарында ұрлық жасағаны анықталды.

Қазіргі уақытта бойжеткен қамауға алынды.