Теңгелік депозиттерге өтемақы төленеді
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Банк салымшыларына теңгелік депозиттер бойынша өтемақы төленеді. Үкімет ережені бекітті. Енді екінші деңгейлі қаржы ұйымдары клиенттеріне төлем жайында хабарлауға міндетті, деп хабарлады Elorda.info.
«Хабар24» жазуынша, 10 пайыздық сыйақы барлық салымшыға берілмейтінін ескеру қажет. Өтемақы осы жылдың 23 ақпанынан бергі ақшаны шешу және толықтыруларды ескере отырып, жыл ішіндегі әрбір депозит үшін жеке есептеледі. Ал банктерге қаражатты проблемалық несиелер қоры аударады. Сондай-ақ Ұлттық банк Ұлттық қордағы жинақ мөлшерін де жария етті. Алдын ала есеп бойынша тамызда 53,8 млрд доллар жиналады. Жылдық табыс 3%-тен асады.
Ұқсас жаңалықтар