00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

29 шілдеге арналған ауа райы болжамы

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
29 шілдеге арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөз

Бүгін белсенді оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер бұрынғысынша Қазақстанның бүкіл аумағына өз әсерін тигізеді-осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, солтүстікте, орталықта бұршақ, желдің күшеюі, солтүстікте дауыл күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады.Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Алматы, Жетісу, Атырау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Нұр-Сұлтан қаласында бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүсті-шығысқа жел ауысады, күші -9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +19+21°С  градус  болады , - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.