00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көлік салонынан ақша ұрлаған елордалық ұсталды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Көлік салонынан ақша ұрлаған елордалық ұсталды
ашық дереккөз

Жәбірленуші Қосшығұлұлы көшесінің бойынан ер адамды отырғызып алып кеткен. Жолда келе жатып Ш.Айтматов көшесіндегі жанармай құю бекетінің аумағындағы дүкеннен салқын сусын алуды ұйғарған.
Ештеңеге күдіктінбеген жүргізуші «клиентті» бірнеше минутқа «Hyundai Starex» маркалы көлігінде қалдырған. Жолсерік осы жағдайды пайдаланып, бардачокта жатқан 20 мың теңге көлеміндегі ақшаны жасырын ұрлап кеткен.


Тергеу барысында «Есіл» ауданының полиция қызметкерлері өз кінәсін мойындаған 32 жастағы ер адамды анықтады. Күдіктінің бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.
Автокөліктен ұрлақ жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.