00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтаннан Қытайға жаңа әуе рейсі ашылады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтаннан Қытайға жаңа әуе рейсі ашылады
ашық дереккөз

Чэнду қаласында (Қытай) жаңа бағыт ашылды. Бұл елорда әуежайының тарихында алғаш рет болып отыр. Рейсті Air China әуекомпаниясы Airbus 320 бортымен әр жексенбі сайын, аптасына бір реттік жиілікпен орындайтын болады.  Ұшу ұзақтығы 5 сағат 45 минутты құрайды. Air China әуекомпаниясын Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында қайта қарсы алуға қуаныштымыз, деп жазылған хабарламада.

 

Чэнду – Қытайдың Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы. Чэнду - көрнекті орындары бар Қытайдың ең көп қоныстанған провинциясының бірі.

Айта кетейік, Air China әуекомпаниясының штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан.