Қазақстанда қаржы пирамидаларына қатысты 33 қылмыстық іс тіркелген
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, сот 7 қылмыстық істі қараған. Олар бойынша 11 адам сотталды. Олардың ішінде біреуі – шетел азаматы.
Барлық тұлғаларға нақты мерзімге – 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан астам сайт бұғатталды.
ҚМА қаржы пирамидаларына қатысты жұмыс тәсілдерін жетілдіруде. Аналитикалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы «жазалаушы» постфакторлық әдістен профилактикалық әдіске көшу жүзеге асырылды. Қолданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.Қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі әзірленді, – жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ҚМА азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады.