Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Биыл Конституция күні сейсенбіге сәйкес келеді. Бұл күн – мереке.
Сонымен бірге, Үкіметтің «2022 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес демалыс күні 27 тамыз сенбіден 29 тамыз дүйсенбісіне ауыстырылды.
Сәйкесінше, қазақстандықтар былай демалатын болады:
- бес күндік жұмыс аптасымен – демалыс күнінің үш күн қатарынан ауыстырылуын ескере отырып: 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
- алты күндік жұмыс аптасымен – екі күн: 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі).
Жалпы бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар тамыз айында 9 күн демалады.
Ұқсас жаңалықтар