19 шілдеде еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Тек батыс пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, желдің күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыс бағыттардан соғады, күші 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +28...+30°С болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің күші 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +30...+32°С болады.
Шымкент қаласында аздаған бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +36...+38°С болады.