00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
8 шілдеге арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөз

Оңтүстік циклон мен онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ел территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайды – жаңбыр жауады, орталықта, күндіз солтүстікте қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел – 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +18+20°С, күндіз +27+29°С болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады.  Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С болады.                

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.