1 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжамынша, осы күні Қызылорда облысының басым бөлігінде де төтенше өрт қаупі болуы мүмкін. Өңірдің орталығында да осы ахуалды назарда ұстау қажет.
1 шілде, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні – 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысындағы ауа райы да осы секілді, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, - делінген ведомство хабарламасында.
Синоптиктердің зерделеуінен белгілі болғандай, 1-2 шілде күндері түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, бүгін облыстың солтүстігінде, шығысында күші - 15-20 м/с, күндіз екпіні - 25 м/с. Ал ертең жел күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Айта кетейік, Қызылорда облысының Жалағаш, Арал, Шиелі, Қазалы және Қармақшы аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Атырау облысының Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Балықшы аудандарында 2022 жылғы шілде айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық күтілуде.