Еліміздің 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
31 мамырда Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында 17-22 м/с, облыстың шығысында екпіні 24-29 м/с.
Талдықорған қаласында 31 мамырда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
31 мамырда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.
Қарағанды қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Жезқазған қаласында 31 мамырда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
31 мамырда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Облыс орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
31 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.
Петропавл қаласында 31 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетуі мүмкін.