Танымал вайнер желідегі видеодан кейін жауапқа тартылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Вайнер көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізген.
Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тексеріс жүргізу тапсырылғанын хабарлады.
Құқық бұзушы анықталды – 29.12.1987 жылы туған Т. деген азамат әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы екінші бөлігінде (Қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін сақтамау) қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды, — деді Рустам Әбдірахманов.
Вайнерге 10 АЕК (30 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:15
Ішкі істер министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Бүгін, 10:56
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасырын қызметтерді анықтады
Бүгін, 10:37
Бас мешіт пен Фатима қолы: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
21 қараша, 2024
Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті