Былтыр қай өңірдің тұрғындары көп тамақ жегені анықталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылы қазақстандықтар айына орта есеппен 3,9 кг картоп, 2,8 кг нан, 2 кг сиыр еті, 1,6 кг алма, 1,3 кг күріш пен қант, 16,2 жұмыртқа, 0,9 кг макарон, 0,8 кг балық жеп, 1,3 литр сүт пен айран және 0,1 кг қара шай ішкен.
2020 жылмен салыстырғанда сүт және сүт өнімдерін тұтыну 6,3%-ке, нан өнімдерін тұтыну 4,7%-ке, ет тұтыну 1,7%-ке төмендеді.
Өңірлер бойынша статистиканы қарастырсақ, Шымкент тұрғындары ерекше көзге түсті. Олар ет, балық, сүт және сүт өнімдерін, жеміс-жидек, картоп, құрамында қант бар өнімдерді басқаларға қарағанда көбірек тұтынған.
Басқаларға қарағанда Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары көкөністі, ал Маңғыстау облысының тұрғындары нан өнімдерін көбірек тұтынған.
Ұқсас жаңалықтар