00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

2030 жылға таман әлемдегі табиғи апаттар 40%-ға көбейеді – БҰҰ

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
2030 жылға таман әлемдегі табиғи апаттар 40%-ға көбейеді – БҰҰ
ашық дереккөз

Салыстыру үшін айтсақ, 1970 жылдан 2000 жылға дейін әлемде жыл сайын орта және ірі көлемдегі 90-нан 100-ге дейін табиғи апат болып тұрған.

Мемлекеттер өз уақыты мен ресурстарын жұмсап, басқа төнген қауіпті түсінгенде ғана бұл апаттардың алдын алуға болады, – дейді апаттар қауіптілігін төмендету жөніндегі бас хатшының арнайы өкілі Мами Мидзутори.

Ұйым сарапшыларының мәліметінше, соңғы жылдары табиғи апат құрбандарының саны алдыңғы бес жылдағыға қарағанда өскен. Мұның себебі – климаттық дағдарыс әсерінен табиғи апаттар бұрын-соңды болмаған жерлерде көрініс тауып отыр. Ал аймақтарда халыққа апат жайлы ескерту және оның алдын алу жүйелері жұмыс істемейді.