00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Әлемдегі ең қарт әйел қайтыс болды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлемдегі ең қарт әйел қайтыс болды
ашық дереккөз

Nishinippon Shimbun газетінің жазуынша, ол 119 жаста болған.

Канэ Танака 1903 жылы 2 қаңтарда орыс-жапон соғысының басталуына аз уақыт қалғанда дүниеге келген. Ол отбасылық дүкенде жұмыс істеді, онда күйеуі екеуі шируко мен удон кеспесін, сондай-ақ күріш торттары мен тәттілерді сататын. Оның ұзақ өмір сүруінің құпиясы (оның төрт баласы болған) – үміт, дұрыс ұйқы және диетада деп атады.

Өмірінің соңғы жылдарында әйел қарттар үйінде тұрып, қызметкерлермен ым-ишарамен сөйлесіп, уақытын есептеу тапсырмаларын шешуге арнады.

Бұған дейін Испания тұрғыны Сатурнино де ла Фуэнте Гарсия әлемдегі ең қарт адам атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енген. 2021 жылы 10 қыркүйекте оның жасы 112 жас 211 күн болды.