Суды қанша мөлшерде және қай уақытта ішкен дұрыс
Судың пайдасын арттырғыңыз келсе, мына 5 істен бас тартыңыз.
Көп су ішу. Адам күніне 2 литрдей су ішу тиіс. Бұл туралы көп жерде айтылып жүр. Бірақ бір нәрсені ұмытпауымыз керек. Әр адамның, әр ағзаның қажеті мен қасиеті әртүрлі. Біреуге 2 литр аз болса, енді біреуге көп болуы мүмкін. Сондықтан көп су ішуден тартыну қажет. Ал оны қалай білеміз, қалай мөлшерлейміз дегенге жауап қарапайым.
Ағзаның айтқанын тыңдаңыз. Суды шөлдегенде, шөліркегенде ішіңіз. Дене ысып бара жатқанын сезсеңіз, ішіңіз. Яғни, қажет кезде ғана ішкен абзал. Егер суды көп ішіп қойсаңыз, ағзадағы микроэлементтер мен электролиттерді шайып кетуі мүмкін. Содан қанда натрий жетпей, адам әлсіз күйге түседі.
Суды тез ішпеңіз. Суды асықпай сіңдіріп ішкеннің маңызы зор. Бір стақан судың өзін демалып ішкен абзал. Суды тез ішкен адамның ағзасында сұйықтық балансы бұзылып, ішкі ағзаларға ауырлық түсуі мүмкін. Дене ісіну де осыдан болады.
Тамақ ішіп отырып су ішу. Бұл да қате. Тамақтанып отырып су ішкен орынды, әрине. Бірақ аздап ішкен жөн. Көп емес. Егер тамақпен бірге көп су ішсеңіз, асқазанда қышқыл көбейіп, ас қорыту бұзылуы мүмкін. Содан жағымсыз әсер туады, қышқыл рефлюксі болуы мүмкін.
Краннан не құбырдан алып су ішпеңіз. Бұл да дұрыс емес. Барынша таза ауыз су ішкен абзал. Құбыр мен крандағы судың құрамында фтор, хлор мен басқа да артық қосындылар көп болуы мүмкін.