00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

АШМ бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар шараны қолға алды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
АШМ бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар шараны қолға алды
ашық дереккөз

Біріншіден 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап күнбағыс майын және күнбағыс тұқымын экспорттауға шектеу шаралары қолданылды. Бүгінде күнбағыс майына деген экспорттық квота 114 мыңды, күнбағыс тұқымына – 125 мыңды құрайды. Сонымен қатар, қаңтар айынан бастап ел аумағынан ірі қара және ұсақ малды экспортқа шығаруға тыйым салу бойынша бұйрық күшіне енді. Бұл бұйрық алты ай бойы күшінде болады. Қаңтар айынан бастап картоп және сәбіз дақылдарын сыртқа шығаруға тыйым салынды. Одан кейін министрлік тарапынан облыс әкімдіктерімен бірлесіп жүргізген жұмыстың арқасында ішкі нарықтағы картоп пен сәбіздің қажетті қорларының бар екеніне көз жеткізілгеннен кейін осы тыйым шаралары квоталау шараларына ауыстырылды. Бүгінде картоп дақылына квота 144 мың тоннаны құрайды. Ішкі нарықта картоптың қажетті көлемі бар. Қазіргі кезде бағаның маусымаралық жоғарылауы байқалады, бірақ ішкі нарықта көкөніс дақылдарының қажетті көлемі бар, - деді Н.Хатепова.