00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент белгілі журналист Батыр Қазыбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент белгілі журналист Батыр Қазыбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты
ашық дереккөз

Ардақты ұлыңыз Батыр Кәкімжанұлы ақпарат саласында табысты қызмет етіп, ірі медиажобаларды жүзеге асырды. Отандық ақпараттық порталдар, радио мен телеарналардың негізін қалап, еліміздің журналистика саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Өзінің табиғи қарапайымдылығымен, ұшқыр ойларымен және іскерлігімен елге сыйлы болды. Өмірде адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Батыр Кәкімжанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, – деп жазылған Президенттің жеделхатында.