00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Kids Go Free: Сәуірде қандай турларға балалар тегін ұша алады?

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Kids Go Free: Сәуірде қандай турларға балалар тегін ұша алады?
ашық дереккөз

Отандық FlyArystan әуе компаниясы өз сайтында сәуір айында отбасылық демалыс өткізуге арналған 20-ға жуық турды орналастырды. Аталған турдың бірін сатып алған ата-аналардың баласы тегін саяхаттайды. Сондай-ақ, жеңілдікті иелену үшін алдын ала өтініш жазу қажет емес. Турлардың толық тізімімен осы жерден танысуға болады. 

Бағдарлама аясында 2-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер Қазақстан ішінде тегін ұша алады. Міндетті шарт – олар Қазақстан азаматы болуы немесе олардың Қазақстанда тұрақты тұру құқығы болуы тиіс. Сондай-ақ, тегін билетті әуе компаниясы ұсынған туроператордың көмегіне жүгінген азаматтар ғана иелене алады, – делінген хабарламада.

1-ден бастап 4-күнге дейін созылатын турлардың бағасы 16 мың теңгеден басталып, 439 197 мың теңгеге дейін барады. Турлардың қатарында Алматы, Түркістан, Нұр-Сұлтан қалаларына, Ақмола облысындағы "Алжир" мемориалды мұражай кешеніне, Алматы облысындағы Шарын шатқалы мен Көлсай көліне саяхаттар бар.